KZ
Өскемен
+7°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
479.38 531.63 5.27

Өскеменде Конституциясы күнін жоғары деңгейде атап өтіп жатыр

30.08.2024, 12:35 372 Назерке Каримова

Конституция күнін тойлауға бүгін Өскемен қаласының Республика алаңына мыңдаған қала тұрғындары мен қала қонақтары жиналды.

Тәуелсіз Қазақстан Республикасының Ата Заңының қабылданғанына биыл 29 жыл толды, деп хабарлайды Altainews.kz сайты.

30 тамызда Өскемен қаласының тұрғындары қос мерекені атап өтуде – Конституция күні және Өскемен қаласының туған күні.

Облыс орталығындағы басты алаңға халық таң сәріден жиналды.

– Қала тұрғындарын тегіс мерекемен құттықтаймын! Конституция – бұл тұрақтылық, бейбітшілік пен ауызбіршіліктің кепілі. Еліміз өсіп-өркендеп, жайнай берсін! – дейді Өскемен қаласының тұрғыны Мир Мажиренов.


– Мереке құтты болсын, құрметті өскемендіктер! Баршаңызға жақсылық, молшылық пен көтеріңкі көңіл күй тілеймін! – деп тілегін білдірді қала қонағы  Юлия Артамонова.


Республика алаңында түрлі шаралар өтіп жатыр: «Караоке» сайысы, спорттық ойындар, «Шығыс дәмі» гастрономиялық фестивалі, «Шығыс кәдесыйлары» қолөнершілер көрмесі, «Бал жәрмеңкесі» мен «Күз тартуы» жәрмеңкесі.

Конституция күніне арналған мереке үрмелі аспаптар оркестрі шеруімен басталды.

Ары қарай бас сахнада ШҚО әкімі Ермек Көшербаев үздік құрылысшылар, металлургия және тау-кен қызметкерлерін «Құрмет», «Еңбек даңқы» ордені мен «Ерен еңбегі үшін» медальдарымен марапаттады.

Мәселен, ҚР Президентінің бұйрығымен еліміздің құрылыс саласын, көмір өнеркәсібін және шахта құрылысын дамытуға қосқан зор үлесі үшін «Құрмет» орденімен «Шығыстүстімет» ЖШС электрслесарі Жанат Бектеміров; «Казцинк» ЖШС Шубин кенішінің бастығы Әмірхан Жанғұтинов марапатталса, ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен «AN Groups» ЖШС машинисі Марат Малғажинов; «Kurylys Group RK» ЖШС прорабы Юрий Тярт; «Шығыстүстімет» ЖШС электровоз машинисі Арыххан Әліп; «Казцинк» ЖШС учаске бастығы Әбілғазынов Болат; «Казцинк» ЖШС бекітушісі Байғонысов Досжан; «Казцинк» ЖШС маштинсі Катернюк Елена; «Риддер-Полиметалл» ЖШС бұрғылау қондырғысының машинисі Коротин Роман; «Шығыстүстімет» ЖШС слесарь жөндеушісі Юрий Скориков марапатталды. Сондай-ақ, «Ивега» ЖШС құрылысшы-инженері Жанар Рахматулина; «КЭМОНТ» АҚ аға жұмыс өндірушісі Сердюков Алексей; «Восток-котлы» ЖШС монтаждаушысы Терлікбаев Бек; «Казцинк» ЖШС өткізгіші Олег Гринвальд; «BM Mining» ЖШС электрослесарі Краснобаев Павел; «Шығыстүстімет» ЖШС бөлім басшысы Фомин Владимир; бас маманы Хан Роман; қызмет бастығы Шушаков Игорь «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.

Марапат мерекелік концертке ұласып, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Сүндет Байғожин және облыстың өзге де шығармашылық ұжымдары өз өнерлерін ортаға салды.

Ал 18.00-де қазақ эстрада жұлдыздарының қатысуымен кешкі мерекелік бағдарлама жоспарланған, кеш соңында мерекелік отшашу болады.

 

 ФОТО: Аяужан Утеулинова

 

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив