KZ
Өскемен
+4°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
477.62 527.67 5.25

Өскемен қала күнін қалай атап өтеді?

18.08.2024, 10:00 146 Назерке Каримова

Әдеттегідей Конституция күні мен Өскеменнің қала күнін мерекелеу бірнеше күнге созылады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Мерекелік бағдарлама:

24 тамызда сағат 10.00-де Самал саябағында «Tartyl Fest» республикалық жарысының іріктеу кезеңі басталады. Кешкі сағат 17.00-де Металлургтер мәдениет үйінің алдында ретро фестиваль өтеді.

Ал 27 тамыз күні сағат 15.00-де амфитеатр алаңында «Ұлы Дала батырлары» спорттық шарасы ұйымдастырылмақ. Бұдан кейін сағат 17.00-де Астана көшесі бойындағы жаңа жағалауда «Бірге туғандар» егіздер фестивалі болады. Сағат 19.00-де «OSKEMEN STARS» қалалық караоке байқауының финалы өтеді.

28 тамызда сағат 18.00-де қала тұрғындары жаңа жағалауда «WHITE PARTY» интерактивті ойындарына қатыса алады.

30 тамыз сағат 10.00-де қарбыз фестивалі, ал 11.00-де концерттік бағдарлама ұйымдастырылады. Ал кешкі сағат 19.00-де қазақ эстрадасы әншілерінің қатысуымен мерекелік концерт басталып, 22.00-де отшашу болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив