KZ
Өскемен
+9°
пасмурно жел 3 м/с, Ю
477.62 527.67 5.25

Өскемендіктер қала күнін қалай атап өтеді?

20.08.2024, 15:00 166 Қызырбек Дүргінбайұлы

Өскемендіктер 30 тамызда қос мерекені қатар атап өтеді. Оның бірі Конституция күні болса, екіншісі –  қала күні. Айтулы күнде отыздан астам іс-шара ұйымдастырылады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Бұл күні қала ішіндегі алаңдарда спорттық және мәдени іс-шаралар ұйымдастырылып, жаңадан салынған скверлер мен жөндеуден өткен нысандар халық игілігіне берілмек. Сондай-ақ ескі жылдардың естелігін еске салатын автошеру өтеді. Өскемен әкімдігінің өкілдері баспасөз мәслихатында мерекелік шаралар бағдарламасына кең тоқталды.

– Отыздан астам іс-шара өткізу жоспарда бар. Сонымен қатар салынып жатқан скверлер, ойын алаңдары мен құрылыс нысандары пайдаға беріледі. Спорттық шаралар ұйымдастырылып, танымал өнер жұлдыздарының қатысуымен концерттер өтеді. Қос меркекені тойлау 26 тамызда басталып кетеді, – деді қала әкімінің орынбасары Ирина Смит.

26 тамыз күні сағат 18.00-де «Достық» үйінің жанында ретро фестивалі өтіп, автошеру болады.

26 тамызда сағат 15:00-де Амфитеатрда «Ұлы дала батырлары» спорттық іс-шарасы (жекпе-жек) өтеді.

27 тамыз күні сағат 18.00-де жаңа жағалауда іс-шаралар легі жалғасады. Сондай-ақ 19:00-де OSKEMEN STARS қалалық караоке байқауының финалы өтеді.

28 тамызда сағат 18:00-де «white PARTY» интерактивті ойындар кеші өтеді.

30 тамызда негізгі іс-шаралар Республика алаңында жалғасады. Қарбыз фестивалі (10:00-ден бастап) және Конституция күніне арналған концерттік бағдарлама 11:00-де басталады.

Ал кешке сағат 18:00-де қазақстандық эстрада әртістерінің қатысуымен концерт өтеді. Оған Janat Turushbekov (Jax), Қобыланды Болат (Koba), Dake, Максим Ержан, Әміре қатарлы өнер жұлдыздары қатысады.

Сағат 22: 00-де-отшашу болады.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив