«Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі»: конференция елордада өтеді

Фото: depositphotos.com
Ертең Астанада «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» атты VIII халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Бұл іс-шара Шығыс Қазақстандағы археологиялық қазба жұмыстарының нәтижелеріне негізделген зерттеулердің қорытындысы ретінде ұйымдастырылуда.
Конференция барысында профессор Зейнолла Самашев бастаған отандық археологтар мен шетелдік ғалымдардың соңғы қазба жұмыстарының нәтижелері және іргелі зерттеулер ғылыми айналымға енгізілмек.
Іс-шараға археологтар, түркологтар, ғылыми орталықтардың өкілдері, мәдениет және тарих саласының мамандары қатысады деп күтілуде.
Сонымен қатар конференция аясында «Ұлы даланың алтыны» көрмесі өтеді. Бұл көрме бұған дейін Ресей, Түркия және Ұлыбритания музейлерінде көрсетілген.