KZ
Өскемен
+18°
ясно жел 5 м/с, З
480.63 535.13 5.27

Самар ауданында отбасылық спорттық сайыс өтті

14.09.2024, 14:00 71 Назерке Каримова

Отбасы күніне орай Самар ауданы балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің ұйымдастыруымен «Әкем, анам және мен» атты отбасылық спорттық сайыс өтті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Шара барысында аудан әкімінің орынбасары Қайдар Сәйкенұлы және Аудандық мәслихаттың төрағасы Гүлнар Қасымжомартқызы құттықтау сөзін сөйлеп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

Отбасылық сайысқа 8 команда қатысты. Ойынның бірнеше түрінен сынға түсті.

Жарыстың мақсаты – оқушылар мен ата-аналарға спортпен айналысудың маңыздылығын дәріптеу, сонымен қатар отбасының ынтымақ-берекесін нығайту.

Отбасылық ойын өте тартысты өтті. Әр жанұя өз береке-бірлігін мейлінше көрсете білді. Сайыс соңында жеңімпаз отбасылар марапатталды. Сонымен бірге, арнайы марапаттан тыс үздік ойын көрсеткен отбасылар мен отбасы мүшелері де марапатталды.

– Сайыс өте қызықты, тартысты өтті. Әсіресе балаларымыздың көңілдері көтеріліп қалды. Жанұямызбен бірге жарысқа қатысу отбасымыздың береке-бірлігін нығайтуға, ауызбіршілік таныту керектігі жайлы ойландырады екен. Күнделікті өмірде жұмыс бабымен баламызбен бірге көп ойнамаймыз. Бүгінгі шара әр жанұяға отбасы құндылығы мен бала бақытын сезіндірді деп ойлаймын. Ұйымдастырушыларға үлкен алғыс айтамын, – дейді жарысқа қатысушылардың бірі.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив