ШҚО Прокуратурасында отбасылық сайыс өтті
![](/kz/uploads/posts/2023-09/977b0c9faacdaeb7040985fd837f4953_1280x720.webp)
Фото: gov.kz
Отбасы күні қарсаңында ШҚО Прокуратурасында облыстық аппарат қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелерінің арасында спорттық сайыс өтті.
Шара салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
6 команда қатысқан байқау 6 эстафетадан тұрды. Нәтижесінде 1-орынды облыс прокуратурасы Аппаратының командасы иеленді, 2 және 3-орындарды қоғамдық мүдделерді қорғау басқармасының және сотқа дейінгі тергеу мен қылмыстық қудалау заңдылығын қадағалау басқармасының командалары бөлісті.
Жеңімпаздарға диплом, балаларға құрмет грамотасы табысталды.
Оқи отырыңыз