KZ
Өскемен
-2°
пасмурно жел 3 м/с, СБ
487.37 532.94 5.09

Өскемен - Алтай – Рахман бастауы бағытында полиция бекеті қайта іске қосылды

19.09.2024, 13:30 492 Айжанат Бақытқызы

Аталмыш полиция бекеті Серебрянскіге кіреберісте, ескі ғимараттың жанында орналасқан, деп хабарлайды тілші Altainews.kz.


- Бізде туристік аймақ бар. Кей күндері жаз мезгілінде қозғалыс қарқыны 20 мың көлікке дейін артады. Олардың арасында өрескел бұзушылықтар жасайтын жүргізушілер де бар. Күзет болған кезде ондай болмаған. Жоғары жылдамдықпен қозғалатын немесе демалыс базаларынан мас күйінде шығатын жүргізушілер бар. Күзет орны ашылған соң жол-көлік тәртібі жақсарып, апаттылық төмендейді - бұл ең бастысы. Өздеріңіз білетіндей, Жаңа Бұқтырма ауылынан Ермаковкаға дейін байланыс болған жоқ. Қазір діңгекті антеннаны қойдық. 20 қыркүйектен кейін байланыс пайда болады. Қызметкерлер планшеттермен жұмыс істейді, автокөлікті айдап әкетуге, айыппұлдардың бар-жоғын, мас күйіндегі адамдарды тексереді. Әдетте тексерулерге көп кететін уақыт та қысқармақ, себебі бұрындары бекетте тек қалалық телефон болатын және облысқа қоңырау шалуға тура келетін. Енді бұл жылдам болады. Содай-ақ, қыс мезгілінде жедел көмек көрсетіледі. Жаңа бекет заманауи, барлық талаптарға сай, бейнебақылау камералары жақсы көрініске ие, - деп хабарлады Алтай ауданының полиция бөлімінің бастығы Жанболат Асқар.


Полиция бекетінің ескі ғимаратында жолдың жабылуы кезінде өзекті болатын жылыту пунктін ашу жоспарланып отыр.

Татьяна Кравченко
Фото Аяужан Өтеулинова

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив