KZ
Өскемен
+1°
туман жел 1 м/с, С
515.18 570.66 6.06

"Өскемен - Алтай" тасжолындағы полиция бекеті қалпына келтіріліп жатыр

6.04.2020, 06:17 181

"Өскемен - Алтай" тасжолындағы (Серебрянка кентінің бұрылысы) бекет қайта қалпына келтірілуде. 

Ustinka.kz сайтының жазуынша, Алтай қаласы мен Серебрянка кентіне карантин енгізілген жағдайда, бұл жер бақылау-өткізу бекеті болмақ. 

- Бекет қалпына келтіріліп жатыр. Сонымен қатар, "Қазақтелеком" да ол жерге дереу байланыс орнатып беруге дайын, - деді Алтай ауданы әкімінің міндетін атқарушы Сергей Охременко.

Естеріңізде болса, "Өскемен - Алтай" тасжолындағы стационарлық бекеттерді Полиция департаменті осыдан бір жыл бұрын алып тастаған болатын. 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу