KZ
Өскемен
+4°
туман Штиль
478.93 534.96 5.16

Серебрянск қаласының бұрылысындағы полиция бекетін алып тастады (ВИДЕО)

19.06.2019, 10:19 177

Өскемен-Алтай автожолының бойында орналасқан стационарлық полиция бекеті жойылды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Бұл туралы жолаушылар әлеуметтік желіде жазып, бейнежазба салыпты. Олардың айтуынша, 18 маусым күні Серебрянск қаласына бұрылатын тұста орналасқан бекетті алып тастаған.

Сондай-ақ, Шемонаиха ауданына кіре берістегі полиция бекеті де алынып тасталды деген ақпарат таралуда.

Естеріңізге сала кетсек, қалаларға кіре берісте орналасқан полиция бекеттерінің жойылатыны туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Алексей Калайчиди мәлімдеген болатын.

Серебрянск қаласына бұрылатын тұста орналасқан бекеттің жойылғанын ШҚО ПД баспасөз қызметі растап отыр. Баспасөз хатшысы Әйгерім Нұрғазинаның мәліметінше, ШҚО-да "Рубеж" бөгеуші жүйесіне кіретін 4 стационарлық бақылау бекеті жойылмайды екен: Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы автожолындағы «Шемонаиха» бекеті, Омбы-Майқапшағай тас жолындағы «Ертіс» бекеті (Семей қаласына кіреберісте орналасқан), Алматы-Өскемен автожолындағы «Аягөз» және «Молодежное» бекеттері.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив