KZ
Өскемен
пасмурно жел 4 м/с, СБ
487.42 531.39 5.04

Реформалар аудандар үшін оң нәтиже беруде

20.09.2024, 10:40 779 Айжанат Бақытқызы

Өскеменде VIII шақырылған Шығыс Қазақтан облыстық мәслихатының кезекті XVI сессиясы өтіп жатыр. Облыс әкімі Ермек Көшербаев бұл жолғы жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың ағымдағы жылдың 2 қыркүйегіндегі «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» Қазақстан халқына жаңа Жолдауы аясындағы басымдылықтар бойынша өңір көрсеткіштеріне тоқталды, деп хабарлайды Altainews kz тілшісі.

Президент соңғы жылдары халықтың әл-ауқатын жақсартуға септігі тиетін көптеген шаралар қолға алынып, ауқымды реформалар жасалғанын және еліміздің саяси жүйесі түбегейлі өзгергенін атап өткен болатын.

Осы реформаның оң нәтижелеріне 3 жыл бұрын жаңадан құрылған Тарбағатай және Самар аудандарының, ал таяудан бері шекара маңындағы Катонқарағай және Марқакөл аудандарының тұрғындары толық куә. 

"­Катонқарағай ауылы мен Зайсан қаласында әуежай салу туралы шешім өңірдегі шекаралық және шалғай аудандарды дамыту жөніндегі мемлекеттік жоспарға енгізілді және оның басты бөліктерінің бірі болып табылады", - деп тоқталды аймақ басшысы Ермек Беделбайұлы.

Жалпы, тұрғындар «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы іс жүзінде іске асып жатқанын көріп отыр. Облыста орын алып отырған өзгерістердің дені халық сұранысын қанағаттандыру аясында жүзеге асып жатыр. Үкімет пен әкімдерге экономиканың құрылымын өзгертуге баса назар аудару, еліміздің тұрақты дамуына мүмкіндік беретін жаңа тетіктерді қарастыру жөнінде тапсырма берілгенін ескерсек, алдағы уақытта өңір үшін бірқатар маңызды шешімдер әлі де қабылданатыны анық.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив