Он жыл бойы қымбаттамаған пойыз бағасы жөндеу-жаңарту үшін көтерілмек
1 қазаннан бастап пойыз билеттері 20 пайызға қымбаттайды. Теміржол тарифін өсіру арқылы теміржол паркін жаңарту көзделген, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
Қазіргі кезде жолаушыларға кез келген көлік қатынасында жайлылық керек. Бұл жайлылықты қамтамасыз ету үшін теміржол тарифі көтеріледі. Бұл туралы ҚР Көлік министрі Марат Қарабаев Өскеменге келген жұмыс сапары барысында айтты.
Билет бағасы өскенімен, мемлекет субсидия көлемін азайтпайды. Ал билет құнынан түскен қаражатқа жолаушыларға жайлы сервис қамтамасыз ету үшін жаңа пойыздар сатып алуды жоспарланған.
Айта кету керек, 1 қазаннан бастап Қазақстанда теміржол билеттерінің құны 20%-ға қымбаттайды.
Ақерке Рағызбаева