686 арнайы техника алдағы қысқа дайын – ШҚО
Фото: depositphotos.com
Қыста ШҚО-ның 130 қар басу қаупі бар учаскесі, ұзындығы 256 шақырым болатын жолдары қатаң бақылауға алынады. Қар құрсауында қалғандарға көмектесу үшін 10 жылыту пункті, 15 жол бойындағы қызмет көрсету нысаны жұмыс істейді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Сонымен қатар Ұлан ауданындағы Привольное ауылында тәулік бойы трассалық медициналық-құтқару пункті қызмет атқарады.
Жергілікті деңгейдегі төтенше жағдайларды жою жоспарына сәйкес, қар басу қаупі жоғары бағыттар бойынша 1717 адамнан тұратын жеке құрам, 686 қар тазалау, инженерлік, эвакуациялық, жол талғамайтын техника жұмылдырылады.
Қар басу қаупі бар негізгі бағыттар: Өскемен – Алтай – Үлкен Нарын – Катонқарағай – Рахман қайнары, Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы, Өскемен – Семей, Өскемен – Тарғын – Самар.
ШҚО-да 497 қар көшкіні жиналатын аумақ бар. «Қазселқорғау» ШҚ филиалы қар мөлшері мен көшкін қаупін бағалайтын арнайы маршруттар әзірлеген.