Көлік жолдары әлі де жабық – ШҚО
сурет: depositphotos.com
Шығыс өңірінде республикалық маңызы бар төрт жол және облыстық маңызы бар төрт жол жабық жатыр.
Республикалық маңызы бар жолдарды ашуға 54 техника, 79 жеке құрам, облыстық маңызы бар жолдарға 55 техника, 59 жеке құрам жұмылдырылды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Күн райының қолайсыздығы мен қар көшкінінк байланысты жабылатын жолдар:
Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Катонқарағай-Рахман қайнары (6-166 км, Ушанов ауылы-Алтай қаласы);
Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Катонқарағай-Рахман қайнары (420-450 км, Берел санаторийі-Рахман қайнары);
Дмитриевка-Бородулиха-Шемонаиха (72-87 км, Шемонаиха-Абай обл. шекарасы);
Өскемен-Тарғын-Самар (63-145 км, Тарғын ауылы-Самар ауылы);
Өскемен-Таулы Үлбі - Северное (30-60 км);
Күршім-Қалжыр (0-62 км);
Алтай-Чапаево (0-37 км);
Сондай-ақ екі учаскеде дизельді қозғалтқышты көліктер мен қоғамдық көліктердің қозғалысы шектелген:
Алматы-Өскемен (1013-1048 км, Абай обл шекарасы-Ұлан ауылы);
Өскемен-Семей (10-103 км, Герасимовка ауылы-Абай обл. шекарасы);
Омбы-Майқапшағай, 1103 -1256 км, (Абай обл. Шекарасы-Зайсан қ.), 1289-1321 км (Үлкен Қаратал ауылы-Майқапшағай бекеті).
Тіркемесі және жартылай тіркемесі бар жүк көліктерінің қозғалысты шектелген:
Өскемен-Риддер-РФ шекара, 15-105 км, (Белоусовка кенті-Риддер қаласы);
Алматы-Өскемен, 1013-1048 км (Абай обл. шекарасы-Ұлан ауылы);
«Өскемен-Семей» 10-103 км, (Герасимовка ауылы-Абай обл. шекарасы).