Тасқын суды мал қорымына жеткізбеді – ШҚО
Үлкен Нарын ауданында Бұқтырма өзені көтеріліп, сібір жарасынан өлген малдың өлексесі көмілген қорымды су басу қаупі туындаған еді. Жергілікті атқарушы билік дереу іске көшіп, жағдайды бақылауға алды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
– Мамандар дер кезінде суды бұрып, 250 шаршы метр аумаққа топырақ төгіп, қорымның айналасын көтерді. 150 тонна инертті материал дайындалды. Су басу қаупі бар учаскелерде 11 адам және 3 техника жұмыс істеуде. Жергілікті атқарушы билік пен ветеринария қызметінің өкілдері тәулік бойы кезекшілік атқарады. Қазір қорымды су басу қаупі жоқ, – деп мәлімдеді Үлкен Нарын ауданының әкімі Елдос Байрахметов.
Оқи отырыңыз