Өскеменнен Моңғолияға қарай жаңа автожол салынбақ
pexels.com
Қазақстан мен Моңғолия көлік саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда.
Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары Мақсат Баяхмет Қазақстан мен Моңғолия арасындағы көлік саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді талқылады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Кездесу аясында автожол саласындағы өзара іс-әрекеттің негізгі мәселелері талқыланып, мемлекеттер арасында жаңа автомобиль жолын салу жайында сұрақтар пысықталды.
Ал қазір қолданыстағы "Өскемен – Рубцовск – Барнаул – Туэкта автомобиль жолы – Моңғолия шекарасы" тасжолының ұзындығы 1 604 шақырымды құрайды.
Жаңа жолдың құрылысы жол жүру уақытын едәуір қысқартып, Қазақстан мен Моңғолия арасындағы көлік байланысын жақсартып қана қоймай, экономикалық және мәдени байланыстарды нығайтудағы маңызды қадам болмақ.