KZ
Өскемен
+2°
облачно с прояснениями жел 10 м/с, ОБ
492.14 528.85 5.01

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қалпына келтірілді

depositphotos.com

10.10.2024, 10:30 913 Ержан Әбіш

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын қалпына келтірді.

2024 жылғы 9 ай бойынша Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік органдары (жергілікті атқарушы органдармен және мәслихат аппараттары, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық құрылымдық бөлімшелері) ұсынған есептер жиынтығы негізінде облыстың мемлекеттік органдары тәртіптік комиссияларының жұмысына талдау жүргізген. 

Жалпы, ағымдағы жылы мемлекеттік қызметшінің заңсыз іс-әрекеттері жөнінде түскен 186 мәлімет бойынша облыстың мемлекеттік органдарында 361 мемлекеттік қызметші түрлі тәртіптік жауапкершілікке тартылған, оның ішінде мерзімінен бұрын алынған тәртіптік жазалардың саны – 109.

Кей мемлекеттік органдарда мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану бөлігінде мемлекетік қызмет саласындағы заңнама талаптарын, оның ішінде  Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №152 Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану қағидаларының тәртібін сақтамау тәртіптік өндіріс материалдарын зерделеу барысында анықталды.

Мемлекеттік қызметшілердің тәртіптік іс материалдарын талдау қорытындысы бойынша 6 мемлекеттік қызметшінің тәртіптік жауапкершілікке тарту құқықтық актілерінің күштері жойылып, мемлекеттік қызметшілердің құқықтары қалпына келтірілді.

Департамент тарапынан аталған бағыттағы жұмыстар жалғасады.

 Мемлекеттік қызмет істері агенттігі

Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің

мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасы

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив