KZ
Өскемен
-13°
небольшая облачность жел 1 м/с, С
498.34 519.72 4.85

Өскеменде 7500-ден астам мемлекеттік қызмет проактивті түрде көрсетілді

16.10.2024, 16:26 91 Ержан Әбіш

ШҚО-да мемлекеттік қызметтерді алудың проактивті форматы танымал болып келеді. Мәселен, биыл SMS арқылы 16 мыңға жуық әлеуметтік қызмет көрсетілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 26 пайызға артық, деп хабарлайды Altainews.kz.

Проактивті тіркеудің басым бөлігі Өскеменде екенін ескеру керек. Жыл басынан бері Халыққа қызмет көрсету орталығына өтініш бермей, 7500-ден астам қала тұрғыны жәрдемақы алған. Оның ішінде 500-ден астам адам көпбалалы отбасыларға жәрдемақы рәсімдесе, 100-ге жуығы «Алтын алқамен» және «Күміс алқамен» марапатталған аналар жәрдемақысы.

«Қызметті проактивті түрде алу үшін жас аналар тек SMS арқылы келісім беру қажет. Барлық қажетті мәліметтер мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен автоматты түрде беріледі. Бірақ көрсетілетін қызметті алушының телефон нөмірі мобильді азаматтар базасында тіркелуге, яғни мәліметтер электрондық үкімет порталында болуға тиіс», ­– деді «Азаматтарға арналған үкімет» ШҚО филиалы директорының орынбасары Айжан Агибаева.

Айта кетейік, бүгінгі таңда әлеуметтік төлемдердің 14 түрін ресімдеуге болады, олардың ішінде:

- 1,5 жас жасқа дейінгі туу және бала күтімі бойынша жәрдемақы;

- «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен марапатталғандарға арналған жәрдемақы;

- мүгедектігі бойынша жәрдемақы;

- асыраушысына күтім жасау бойынша жәрдемақы;

- көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы;

- мүгедек балаға күтім жасау бойынша жәрдемақы.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу