KZ
Өскемен
-14°
небольшой снег жел 3 м/с, В
513.55 602.09 6.42

ШҚО: Бір айда мыңнан астам онлайн мемлекеттік қызмет көрсетілді

18.08.2023, 10:01 504

Өңір тұрғындары арасында мемлекеттік қызметтерді онлайн алу барған сайын танымал бола түсуде.

АХАТ функциялары мемлекеттік корпорацияға өткен сәттен бастап мыңнан астам мемлекеттік қызмет онлайн түрде көрсетілді. Оның ішінде 500-ден астам өтінім балаға арналған алғашқы құжатты проактивті форматта алуға арналған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

- Цифрлы қызметтер қарқынды түрде дамып келеді. Бүгінгі күні қандай да бір өмірлік жағдай туындаған кезде азаматтарға проактивті форматта қызмет көрсету үшін SMS-хабарламалар жіберіледі. Мысалы, бала туған кезде ата-анаға баланың тууына байланысты жәрдемақы алу мүмкіндігі туралы SMS-хабарлама келіп түседі. Оны тағайындау үшін осы хабарламаға келісіммен жауап беру жеткілікті. Өтінім беру үшін мобильді азаматтар базасында тіркелуі тиіс екенін атап өтемін. Бұл қызметті мобильді қосымшада белсенді түрде алуда», - деді «Азаматтарға арналған үкімет» ШҚО бойынша филиалының директоры Азамат Есембулов.

Бұдан басқа, әлеуметтік саланың ең танымал қызметтері мен анықтамалары екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшаларында көрсетілуде. Олардың қатарында бала туғанда және оның күтіміне байланысты жәрдемақы тағайындау, 4 және одан да көп баласы бар көпбалалы отбасыларына жәрдемақы тағайындау және т.б.

Еске салайық, 1 шілдеден бастап АХАТ функциялары «Азаматтарға арналған үкіметке» берілді. Бұл ретте АХАТ қызметтерін тек тіркеуші органның қызметкерлері көрсетеді. Мемлекеттік корпорация қызметкерлерінің, оның ішінде ХҚО операторларының АХАТ ақпараттық жүйесіне қолжетімділігі жоқ.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу