Жоғары мөлшерде декреттік төлем алу үшін уақытша кәсіп ашқан

depositphotos.com
ШҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі бала күтіміне байланысты «декреттік» төлемдерді тағайындаумен байланысты жүйелі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін әшкереледі, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Еңбек және әлеуметтік қорғау саласында жүргізілген талдау кезінде "декреттік" төлемдерді тағайындау бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері белгілі болған.
Жоғары мөлшерде декреттік төлем алу үшін ғана тіркелген 780 жеке кәсіпкер әшкереленді. Олар қызметін өте қысқа мерзім аралығында (1 айдан 5 айға дейін) көрсетіп, кейін жабылып қалған.
Айтпақшы, декреттік демалыста отырған әйелдерге осындай қызмет ұсынған хабарландыруларды әртүрлі сайттардан да кездестіруге болады. Сыбайлас жемқорлықпен күресушілер бұл үрдістің жүйелі орын алып отырғанын, қазіргі уақытта облыстың сыбайлас жемқорлық қызметі бала туған кезде неғұрлым әділ және атаулы әлеуметтік қолдау көрсетуге мүмкіндік беретін тетікті енгізу қажеттілігі туралы ұсынымдар әзірлеп жатқандарын айтты.