KZ
Өскемен
+1°
пасмурно жел 2 м/с, ОБ
487.24 529.34 5.02

ШҚО Антикоры әлеуметтік қорғау саласындағы жемқорлық тәуекелдерін анықтады

depositphotos.com

Кеше, 11:30 59 Айна Ескенқызы

Шығыс Қазақстан облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі әлеуметтік қорғау саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізіп, бірқатар жүйелі мәселелерді анықтады, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі. 

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар орталығында өткен брифингте ШҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшысы Денис Шакенов мәлімдеді.

Мысалы, талдау нәтижесінде мүгедектердің санаторий-курорттық емделуде болған кезінде 52 жеке көмекшіге жалпы сомасы 3 миллион теңгеден астам негізсіз төлемдер төленгені анықталды. Алайда заңнамаға сәйкес, мүгедектер курорттық емделуде болған кезде олардың жеке көмекшілерінің қызметі тоқтатылуы тиіс.

Талдау қорытындысы бойынша әлеуметтік қызметтер саласындағы ақпараттық жүйелерді интеграциялау жөнінде ұсыныстар берілді.

Сонымен қатар 3400-ден астам жұмыс беруші кәсіпкерлерге жұмыс орындарын субсидиялаудан заңсыз бас тарту фактілері анықталды. "Еңбек ұтқырлығы орталығының" басшылары өтінімдерді беру кезектілігін бұзып, субсидиялаудан бас тарту шешімдерін жеке қалауы бойынша қабылдаған. "Еңбек нарығы" ақпараттық жүйесінде бас тарту негіздемесі көрсетілмеген, бұл тікелей рәсімдерді бұзу болып табылады.

Талдау нәтижесінде кезектілікті бұзу практикасы тоқтатылып, 261 кәсіпкердің субсидияланатын жұмыс орнын құру туралы 896 өтінімі кезектілік тәртібімен қайта қаралып, мақұлданды.

— Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою және алдағы уақытта мұндай бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында арнайы ұсынымдар дайындалып, құзырлы органдарға жолданды, — деп атап өтті Денис Шакенов. 



Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив