KZ
Өскемен
+8°
небольшой дождь жел 3 м/с, ОШ
484.19 524.28 5.03

Тұтынушы құқығы: ШҚО-да жыл басынан бері 671 өтініш қаралды

depositphotos.com

Кеше, 16:42 43 Ержан Әбіш

Шығыс Қазақстан облысы бойынша сауда және тұтынушылар құқығын қорғау департаментінің 2024 жылдың 9 айында тұтынушылардың 671 өтінішін қарады.

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы негізгі бағыттардың бірі – тұтынушылардың өтініштерін қарау, тұтынушылық дауды сотқа дейінгі тәртіппен шешуде консультациялық көмек көрсету.

2024 жылдың 9 айында Департамент тұтынушылардың 671 өтінішін қарады, оның ішінде 371 (55%) өтініш берушілерге тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша жазбаша түсініктемелер берілді, 86 (13%) өтініш қарау және құзыреті бойынша шаралар қабылдау үшін тиісті мемлекеттік органдарға қайта жіберілді, сондай-ақ тұтынушылардың 214 өтініші қанағаттандырылды, бұл жүгінгендердің жалпы санының 32%-ын құрайды.

2024 жылдың 9 айдағы тұтынушылардың ақшалай қайтарымдарының сомасы 23 615 145 теңгені құрады, оның ішінде бөлшек сауда саласында 20 770 043 теңге.

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында келіп түскен өтініштерді талдаудан, көбінесе бөлшек саудада - 279, электрондық саудада - 178, тұрмыстық қызметтерде - 140 тұтынушылардың құқықтары бұзылатыны көрінеді.

Бөлшек сауда шеңберінде тұтынушылар сапасыз тауарларды сатып алу кезінде, тауарды айырбастау және қайтару бөлігінде көмекке жүгінеді. Тұрмыстық қызметтерді сапасыз көрсетудің ішінде жиһазды дайындау және жөндеу, пластикалық терезелер мен есіктерді орнату мәселелері туындайды. Электрондық сауда саласында тұтынушылар тауарды айырбастау мен қайтарудағы қиындықтарға, тауардың сәйкес келмеуіне, тауардың уақтылы жеткізілмеуіне шағымданады.

Сондай-ақ, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметтеріне - 25, білім беру қызметтеріне - 11, қоғамдық тамақтану қызметтеріне - 10, медициналық қызметтер көрсетуге - 8, байланыс қызметтеріне - 7, қаржылық қызметтерге - 6, көлік қызметтеріне – 5, туристтік қызметтеріне – 2 шағымданады.

Өтініштерді қарау барысында Департамент үшінші тұлға ретінде тұтынушылардың талап-арыздары бойынша сот процестеріне қатысады, Департаменттің қатысуымен өткен 20 сот талқылауының нәтижесінде тұтынушыларға шамамен 16 млн. теңгені қайтару туралы шешім қабылданды.

 ШҚО бойынша сауда және тұтынушылар құқығын қорғау департаменті

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив