KZ
Өскемен
-9°
переменная облачность жел 1 м/с, З
498.34 519.72 4.85

Тұтынушы құқығы қай салада жиі бұзылады?

Фото: qz-media.kz

29.07.2024, 11:31 95 Анель Слямғазықызы

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы негізгі бағыттардың бірі - тұтынушылардың өтініштерін қарау, тұтынушылық дауды сотқа дейінгі тәртіппен шешуде консультациялық көмек көрсету.

                «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында шағымдарды қараудың үш сатылы тетігі енгізілді, яғни тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы дауларды шешудің сотқа дейінгі тәртібі көзделген.

                I деңгейде - тұтынушы сатушыға құқықтардың бұзылуын жою және залалды өз еркімен (дербес немесе тұтынушылардың заңды мүдделерінің өкілі арқылы) өтеу туралы наразылықпен жүгінеді.

                Егер сатушы күнтізбелік 10 күн ішінде наразылыққа жазбаша жауап бермесе немесе бұзушылықтарды ерікті түрде жоюдан бас тартса, тұтынушы уәкілетті органға, тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік органға жүгінуге құқылы.

                II деңгейде - шағым тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілетті органға қарауға жіберіледі.

                III деңгей - тұтынушылық дауды алғашқы екі кезеңде шешу мүмкін болмаған жағдайда, тұтынушы сот органына жүгінеді.

2024 жылдың 1 жартыжылдығында Департамент тұтынушылардың 443 өтінішін қарады, оның ішінде 252 (57%) өтініш берушілерге тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша жазбаша түсініктемелер берілді, 65 (15%) өтініш қарау және құзыреті бойынша шаралар қабылдау үшін тиісті мемлекеттік органдарға қайта жіберілді, сондай-ақ тұтынушылардың 126 өтініші қанағаттандырылды, бұл жүгінгендердің жалпы санының 28%-ын құрайды.

2024 жылдың 1 жартыжылдығында тұтынушылардың ақшалай қайтарымдарының сомасы 10 874 210 теңгені құрады, оның ішінде бөлшек сауда саласында 8 531 488 теңге.

                Өткен жылдың сәйкес кезеңінде (2023 жылдың 1 жартыжылдығында) Департамент өңір тұтынушыларының 268 өтінішін қарады, тұтынушыларға ақшалай қайтару сомасы 3 224 524 теңгені құрады.

                Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында келіп түскен өтініштерді талдаудан көбінесе бөлшек саудада - 184, электрондық саудада - 130, тұрмыстық қызметтерде - 77 тұтынушылардың құқықтары бұзылатыны көрінеді.

                Бөлшек сауда шеңберінде тұтынушылар сапасыз тауарларды сатып алу кезінде, тауарды айырбастау және қайтару бөлігінде көмекке жүгінеді. Тұрмыстық қызметтерді сапасыз көрсетудің ішінде жиһазды дайындау және жөндеу, пластикалық терезелер мен есіктерді орнату мәселелері туындайды. Электрондық сауда саласында тұтынушылар тауарды айырбастау мен қайтарудағы қиындықтарға, тауардың сәйкес келмеуіне, тауардың уақтылы жеткізілмеуіне шағымданады.

                Сондай-ақ тұтынушылар жиі шағымданатын қызметтер: тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметтері - 20, білім беру - 9, қоғамдық тамақтану - 8, медициналық қызметтер көрсету - 7, қаржылық қызметтер - 4, байланыс қызметтеріне - 3, көлік қызметтеріне - 1.

                Өтініштерді қарау барысында Департамент тұтынушылардың талаптары бойынша сот процестеріне қатысады. Департаменттің қатысуымен 11 сот талқылауы нәтижесінде тұтынушыларға 8 908 960 теңгені қайтару туралы шешім қабылданды.

 

Шығыс Қазақстан облысы бойынша

Сауда және тұтынушылардың

құқықтарын қорғау департаменті

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу