KZ
Өскемен
+4°
пасмурно жел 1,7 м/с, ОБ
442.05 474.14 4.74

Жаңа заң бойынша онлайн саудагерлерге талап күшейеді

Фото: iStock

29.01.2024, 19:00 918 ALTAINEWS

«Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» жаңа заң жобасы бизнестің жауапкершілігін арттыруға және тұтынушылық құқықтарды тиімді қорғауға бағытталған.

 

Жаңа заң жобасын әзірлеу қажеттілігі Мемлекет басшысының халықтың барлығына тең мүмкіндіктер мен әділеттілікті қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларынан, сондай-ақ тұтынушылардың заңды құқықтары мен мүдделерінің бұзылуына шағымдардың өсуінен туындады, деп деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

 

Өзгерістерге келетін болсақ, біріншіден, тұтынушыға өз құқықтарын қорғау әдісі бойынша таңдау жасау ұсынылады.

 

Тұтынушы заң бойынша жосықсыз бизнес субъектісін жауапқа тарту үшін сотқа тікелей талап арыз жаза алады немесе мемлекеттік органға жүгіне алады.

 

Айта кетейік, қазір тұтынушы бірден сотқа жүгіне алмайды, өйткені тұтынушылардың шағымдарын қараудың үш сатылы алгоритмі жұмыс істейді:

 

1 кезең - сатушы және дауларды сотқа дейін реттеу субъектілері, 2 кезең – уәкілетті мемлекеттік органдар, тек 3 кезең – сот.

 

«Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» жаңа заң жобасы тұтынушыға өзінің бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жөніндегі шараларды таңдау құқығын береді.

 

Атап айтқанда, ол өз қалауы бойынша жүгіне алады:

 

-сатушыға (дайындаушыға, орындаушыға;

-тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктеріне, қауымдастықтарға (одақтарға);

-омбудсменге;

- уәкілетті органға, мемлекеттік органдарға;

-тұтынушылық дауды соттан тыс реттеу субъектісіне (сатушының, дайындаушының, орындаушының келісімі болған кезде);

-сотқа.

 

Бірақ тұтынушы уәкілетті органға сатушыға тиісті талап қойылғаннан кейін бір ай мерзім ішінде жүгіне алады.

 

Әрине, барлық мемлекеттік органдар өз салаларындағы құзыреті шегінде проблеманың мазмұнына қарай қарайтын болады.

 

Екіншіден, заң жобасында тұтынушылардың құқықтарын қорғайтын қоғамдық институттардың, оның ішінде осы салаға Омбудсмен енгізу арқылы рөлін арттыру ұсынылады.

 

Үшіншіден, тұрғын үй-коммуналдық тұтыну, байланыс, туризм, мәдениет, сауда, көлік және өзге де қызмет көрсету салаларына тұтынушылардың құқықтарын қорғау қағидаларын тарату ұсынылады.

 

Бұл адам өмірінің барлық салаларында тұтынушылардың құқықтарын кешенді қорғау үшін қажет.

 

Сондай-ақ, тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың салааралық байланысын күшейтуге мүмкіндік береді.

 

Төртіншіден, құқықтары бұзылып кәсіпкерлерге жүгінген, алайда сотқа дейінгі кезеңде мәселесі шешілмеген тұтынушының пайдасына сот айыппұл түрінде салатын кәсіпкердің азаматтық құқықтық жауапкершілігін енгізу ұсынылады.

 

Бұл ретте айыппұл мөлшері тұтынушының талап қою сомасының 10% -дан 50% -на дейін құрайды.

 

Сондай-ақ онлайн саудада тұтынушылардың құқықтарын қорғауды күшейту бойынша түзетулер ұсынылады.

 

Қолданыстағы заңнама шеңберінде сатушыға қойылатын талаптар онлайн сатушыларға да қолданылады. Дегенмен, олар әрқашан орындала бермейді, әсіресе электрондық дүкенде сауда жасайтын сатушылар арасында.

 

Осыған байланысты электрондық сауда алаңдарының иелерін кәсіпкерлермен тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнаманың талаптарын сақтау жөнінде шарттар жасасуға міндеттеу ұсынылады.

 

Бұл талапты орындамау жосықсыз сатушы үшін әкімшілік және азаматтық-құқықтық жауапкершілікке ғана емес, сонымен қатар электрондық платформада сауда жасау мүмкіндігін жоғалтуға әкеледі.

 

Жаңа заң жобасы тұтынушылардың құқықтарын сапалы қорғауды қамтамасыз етуге, қоғамның өмір сүру сапасын арттыруға, тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелерінде үкіметтік емес институттардың рөлін күшейтуге бағытталған.

 

 

Айжанат Бақытқызы

 

 

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив