KZ
Өскемен
ясно жел 1,4 м/с, В
479.23 534.96 5.16

Тұтынушылардың шағымын қарау рәсімі жеңілдетілмек

Фото: egemen.kz

19.06.2023, 17:44 211

Алдағы уақытта тұтынушы шағымын қарау рәсімі жеңілдетілмек.

Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов төрағалық еткен Үкімет отырысында айтылды, деп хабарлайды Altaynews primeminister.kz ресурсына сілтеме жасап.

  "Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, заңнамаға тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйесінің тиімділігін арттыруға бағытталған түзетулер әзірленді. Мәселен, тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша Омбудсмен институтын енгізу, тұтынушылардың шағымдарын қарау рәсімін жеңілдету (4-тен 2 сатыға дейін), тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың негізгі қағидаттарын коммуналдық, көлік, медициналық, туристік қызметтер, байланыс қызметтері және өзге де салаларға міндеттеу көзделіп отыр. Одан бөлек соттың шешімі бойынша айыппұл салу арқылы азаматтық жауапкершілікті енгізу жоспарланып отыр, бұл кәсіпкерлік нысандарын тұтынушының заңды талаптарын орындауға ынталандыратын болады. Сондай-ақ онлайн-сауда сегментінде заңды талаптардың орындалуын қадағалау бойынша жұмыс жүргізілетін болады. Жалпы түзетулер нәтижесінде тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласын мемлекеттік реттеу бойынша қанағаттану деңгейі 2025 жылға қарай 80%-ға жетуге тиіс", – деп жазылған хабарламада.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив