KZ
Өскемен
+11°
дождь жел 4 м/с, Ю
485.11 523.82 5.02

Паромның қызметі жалғаса ма?

Бүгін, 14:45 3 Айжанат Бақытқызы

Күршімнің паромы туристтерге қызмет көрсетпек. Бұл туралы Бұқтырма су қоймасындағы көпірдің ашылу салтанатында  Күршім ауданының әкімі Алмат Ақышев мәлім етті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

«Бүгін тарихи оқиғаның куәгері болдық. Бұл көпірдің салынуына ықпал еткен Мемлекет басшысы мен облыс әкімдігіне алғыс айтамыз. Бұдан бөлек, Бұқтырманың екі жағасында кезек күтіп тұрған халықтың ары-бері қатынауы үшін  60 жыл бойы елге қалтқысыз қызмет көрсеткен паром ұжымына рахмет», - деді Алмат Ақышев.

Естеріңізге сала кетейік, облыстағы жаңа көпірге 102 бейнебақылау камерасы орнатылған. Олардың 62-сі көпірдің үстіңгі жағында, ал 40-ы астында орналасқан. Камералар нақты уақыт режимінде жұмыс істеп, көлік қозғалысын бақылауды және қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.

Көпір ашылған алғашқы тәулікте одан 1,5 мыңнан астам көлік өткен. Ұзындығы 1316 метрді құрайтын көпір тәулігіне 80 мыңға дейін көлік өткізуге қабілетті.

Көпір Шығыс Қазақстан облысына қарасты Күршім, Үлкен Нарын, Самар, Марқакөл, Катонқарағай, Тарбағатай және Зайсан аудандарын байланыстырады. 

                                                                                                                                                             Ажар Сағатбекова

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив