KZ
Өскемен
+25°
ясно жел 1 м/с, С
515.03 584.82 6.24

ШҚО-дағы ең ұзын көпірге 102 камера орнатылды

ҚР Премьер-министр мұрағатынан

23.10.2024, 11:05 214 Төлеуғазы Жансая

Көлік министрлігінің мәліметінше, Шығыс Қазақстан облысындағы жаңа көпірге 102 бейнебақылау камерасы орнатылған. Олардың 62-сі көпірдің үстіңгі жағында, ал 40-ы астында орналасқан. Камералар нақты уақыт режимінде жұмыс істеп, көлік қозғалысын бақылауды және қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.

Көпір ашылған алғашқы тәулікте одан 1,5 мыңнан астам көлік өткен. Ұзындығы 1316 метрді құрайтын көпір тәулігіне 80 мыңға дейін көлік өткізуге қабілетті. Ол Шығыс Қазақстан облысының 7 ауданын: Күршім, Үлкен Нарын, Самар, Марқакөл, Катонқарағай, Тарбағатай және Зайсан аудандарын байланыстырады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу