Бұқтырма су қоймасындағы жаңа көпір осы айда ашылады
t.me/kolikpress
Күршім мен Самар аудандарын жалғап тұрған қос жолақты бұл автомобиль көпірі - Қазақстандағы ең ұзын көпір.
Шығысқазақстандықтар көптен күткен тарихи сәт – көпірдің ашылуы 20 қазанға жоспарланған, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Көпірдің ашылуы алты ауданның тұрғындары үшін аса маңызы. Өйткені оны аймақ жұртшылығы жарты ғасырдан астам уақыттан бері күткен. Мемлекет басшысының 2019 жылғы тікелей тапсырмасынан кейін тиісті қаражат бөлініп, 2021 жылдың ақпанында көпірдің құрылыс жұмыстары басталған болатын. Биыл 20 қазанда Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін елдегі ең ұзін көпір салтанатты түрде ашылмақ. Оның ұзындығы – 1316 метр, ал өткізу мүмкіндігі тәулігіне 80 мың көлікке дейін жетеді.
Егер бүгінгі таңда кезек күту уақытын есептемегенде, су қоймасы арқылы пароммен автокөліктер 40 минутта келесі жағалауға жетіп жүрсе, енді су қоймасын екі-ақ минутта кесіп өтеді.