KZ
Өскемен
+6°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, ОШ
488.11 530.09 5.01

Бұқтырма көпірі сынақтан сәтті өтті

Фото: Көлік министрлігінің баспасөз қызметі

14.10.2024, 14:40 184 Ержан Әбіш

Шығыс Қазақстан облысындағы Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін ұзындығы 1316 метр екі жолақты көпір арнайы сынақтан өтті. Бұл туралы Көлік министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Бұл – Қазақстандағы ең ұзын көпір.

– Көпір құрылысын тексеру үшін жалпы жүктемесі 450 тоннаны құрайтын 15 жүк көлігі тартылды. Арнайы құрылғылар көпірдегі деформация, діріл (вибрация) және жүктемені бөлу көрсеткіштерін тіркеп алды, – делінген Көлік министрлігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Сынақ нәтижелері Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін жаңа көпірдің барлық нормативтік қауіпсіздік талаптарына сәйкес келетінін және үлкен жүктемелерге төтеп бере алатынын растады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив