KZ
Өскемен
-3°
пасмурно жел 1,9 м/с, ОШ
494.87 520.65 4.91

Ұланда ұлан асыр мереке өтті

25.10.2024, 18:10 176 Айжанат Бақытқызы

Егінсу ауылдық округінде 55 жылдан кейін алғаш рет күрделі жөндеуден өткен мәдениет үйі көзайым көрермендер үшін есігін қайта айқара ашты, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі. 

Іргесі 1959 жылы қаланған Ұлан ауданындағы Ұлан ауылының мәдениет үйі  «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында күрделі жөндеуден өтіп, Республика күніне орай салтанатты түрде қайта ашылды. 

Іс шараға қатысқан аудан әкімінің орынбасары Ринат Болатқан тұрғындарды айтулы мерекемен құттықтап, қуанышымен бөлісті. 

Мәдениет үйінің өнерпаздары ән-шашуларын арнап, жиналған қауымға мерекелік  көңіл-күй сыйлады. 

- Мен өзімді бақытты зейнеткермін деп санаймын. Себебі менің өміріме қос қуаныш бірдей келді. Бірі - күні кеше ғана мәдениет саласындағы бірнеше жылдық еңбегім еленіп,  «Ерекше еңбегі үшін» медалін алғаным болса, екіншісі өзім қызмет еткен мәдениет үйі күрделі жөндеуден өтіп, өз жұмысын қайта бастап жатыр. Республика күнінде мәдениет үйінің қабырғасында өткен думанды мереке осындай леппен халыққа қызмет ете берсін, - деді мәдениет саласында қырық жыл қызмет еткен зейнеткер Гүлнар Ахметова. 

Бұдан бөлек,  Ұлан ауылында «Бірқабатты Шығыс» бағдарламасы аясында алты отбасы баспаны болды. Сонымен қатар,  «Жол жылы» аясында Ұлан ауылындағы көше жолдарына алғаш рет асфальт төселді. 

 

 

                                                                                                                                                           Ақерке Рағызбаева

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу