«Горняк» мәдениет үйінің 10 жылдығы аталып өтті – Алтай ауданы
Алтай ауданында ҚР Конституциясы күнін мерекелеу аясында «Біз достарды мерейтойда күтеміз» атты «Горняк» мәдени-сауық орталығының 10 жылдығына арналған мерекелік іс-шара өтті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
2012 жылғы 30 тамызда «Горняк» мәдениет үйінің күрделі жөндеуден кейін ашылуы ауданның мәдени өміріндегі маңызды оқиғаға айналды. Себебі 20 жылдан бері ұмытылып қалған «Горняк» қайтадан есігін айқара ашты. Жаңартылған ғимаратта кеңестік классицизм дәуіріндегі сәулет өнерінің ішкі және сыртқы безендірілуінің байлығы сақталған.
«Горняк» мәдениет үйі Алтай ауданы аумағындағы ХХ ғасырдың 50-ші жылдарындағы жалғыз сәулет ескерткіші болып табылады. Ол республикалық тізілімге және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілген. Мерекелік мерейтойлық концертке Алтай ауданының шығармашылық ұжымдары қатысты. Алтай ауданы әкімінің міндетін атқарушы С. В. Охременко қатысушыларды мемлекеттік мерекемен құттықтап, ұжымға атқарған жұмыстары үшін алғысын білдірді.