KZ
Өскемен
-10°
туман Штиль
498.34 519.72 4.85

ШҚО-ның Ұлан ауданында фельдшерлік-акушерлік пункт халық игілігіне берілді

25.10.2024, 17:00 199 Айжанат Бақытқызы

Республика күні мерекесінде Ұлан ауданы Герасимовка ауылында фельдшерлік-акушерлік пункт күрделі жөндеуден кейін өз есігін айқара ашты. Бұл ауыл тұрғындары үшін айтулы оқиға, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Айта кетсек, өткен жылы Мемлекет басшысының Жолдауын жүзеге асыру аясында  аудандағы Казачье ауылында жаңа фельдшерлік пункт салынған болатын. 

Украинка ауылында да фельдшерлік-акушерлік пункт толық жөндеуден өткен ғимаратқа көшірілді. Соның нәтижесінде аталған округте жөнделмеген денсаулық сақтау нысаны жоқ.

Сонымен қатар, ауылдарда денсаулық сақтау саласымен қатар мәдениет, білім, спорт  нысандары да салынып, жөнделіп жатқандығы қуантады.

«Ауданда тұрғындардың өмір сүру деңгейі мен әл-ауқатын жақсарту бағытында ауқымды жұмыстар жүргізілуде.  Мұның барлығы Мемлекет басшысы және облыс әкімдігінің нақты тапсырмалары аясында орындалып жатыр. Осы тамаша шараға атсалысқан барлық азаматтарға алғысымызды білдіреміз»,-дейді аудан әкімінің орынбасары Лязиза Кенжетаева.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу