KZ
Өскемен
-3°
пасмурно жел 2 м/с, СБ
523.17 550.06 4.93

Елімізде асырап алушы ата аналардың 52 мектебі табысты жұмыс жасауда

28.10.2024, 11:00 113 Төлеуғазы Жансая

Бүгінде еліміздің 20 өңірінде жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында 52 асырап алушы ата-аналар мектебі табысты жұмыс атқрауда. Олар ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тәрбиелеуге қатысқысы келетін азаматтарды психологиялық даярлауда шешуші рөл атқарады,- деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі ҚР Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.

Асырап алушы ата-аналар мектептеріндегі жаттығуларға қатысу тегін және ол тренинг форматында өткізіледі. Бағдарлама бала тәрбиесінің психологиялық, әлеуметтік аспектілеріндегі тақырыптарды қамтиды. Оқу ұзақтығы 42-ден 60 академиялық сағатқа дейін, оның соңында қатысушылар сертификат алады. Бұл сертификат олардың бала асырап алуға әлеуетті екенін білдіреді.

«Ата-аналарды дайындау — бұл балаларды табысты тәрбиелеудің негізі ғана емес, сонымен қатар олардың болашақтағы әл-ауқаты мен үйлесімді дамуының кепілі. Балалардың тәрбиесі мен эмоционалдық дамуын терең түсінуге бағытталған мектебіміздің арқасында біз үміткерлердің балаларды асырап алуға дайын немесе дайын еместігін анықтай аламыз», - деп атап өтті ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрайымы Насымжан Оспанова.

Дайындықтан өтуге ниет білдірген үміткерлер жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдардың біріне еркін нысанда жазбаша өтінішпен жүгіне алады.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу