KZ
Өскемен
-15°
небольшой снег жел 3,8 м/с, З
518.39 603.09 6.68

Нұрымбет Сақтағанов: "Бюджет заңнамасының орындалуы қатаң қадағалануы тиіс!"

29.10.2024, 14:35 399 Төлеуғазы Жансая

Мемлекеттік құрылымдардағы жемқорлық тәуекелдері күн тәртібіндегі мәселеге айналды. Шығыс Қазақстан облысында 120 кәсіпкер жалған анықтама жасап, ет сатқан. Облыстық әкімдікте өткен жиынға қатысқан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің превенция басқармасының басшысы Архат Бейсембаев осылай деді.

– Ет сату үшін мал дәрігерінен анықтама алынады. Облыстағы бір ғана ауданда қосымша күштеп-мәжбүрлеу арқылы кәсіпкерлерге 120 анықтама жасалынған. Бұл өз кезегінде ет өнімдерінің қымбаттауына әкеліп соқты. Алдағы уақытта мұндай келеңсіз жағдайлар орын алмас үшін тиісті шаралар қолданылмақ, – деді Архат Бейсембаев. 

Жиын барысында облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұрымбет Сақтағанов жауапты сала мамандарының баяндамаларын тыңдап, жемқорлықтың алдын алу шараларын күшейтуді тапсырды.

– Бюджет заңнамасының орындалуын қатаң қадағалап, жемқорлық тәуекелдерін азайту қажет, – деді Нұрымбет Аманұлы.


Ажар Сағатбекова

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу