Елімізде 752 "Үздік педагог" атағының иегері бар
Қазақстанда 2012 жылдан бері «Үздік педагог» байқауы өткізіліп келеді. Байқау жеңімпаздарына «Үздік педагог» төсбелгісі мен 1 000 АЕК көлемінде ақшалай сыйақы табысталады. Бүгінге дейін бұл мәртебеге 752 педагог ие болған,- деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі ҚР Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.
Осы жылы байқауға еліміздің мектептері мен колледждерінен 1 750 мұғалім қатысты. Нәтижесінде «Үздік педагог» атағын 64 ұстаз иеленді, оның ішінде Шығыс Қазақстан облысынан төрт мұғалім бар:
- Елена Евгеньевна Пахомова - Шығыс Қазақстан облыстық математика, физика және информатика бағытындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейдің бастауыш сынып мұғалімі.
- Асига Акашевна Татманова - Самар ауданы, Ж.Болғанбаев атындағы Самар орта мектеп-лицейінің тарих пәні мұғалімі.
- Светлана Юрьевна Подхомутникова - Өскемен қаласы №10 гимназия мектебінің ағылшын тілі пәні мұғалімі.
- Жанар Норлановна Акимбаева - Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінің қазақ тілі, әдебиеті және арнайы пәндер оқытушысы.
Оқи отырыңыз