KZ
Өскемен
-12°
туман жел 1 м/с, С
498.55 524.28 4.75

ШҚО-да бір ауылда су құбырын жөндеу жұмыстары жүргізілуде

Фото: ШҚО энергетика және ТҮКШ басқармасы

6.11.2024, 13:30 101 Гульжан Мусина

Күршім ауданына қарасты Барақ Батыр ауылында тұрғындарды таза ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында су құбырларының құрылысы жүргізілуде, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Құрылыс жұмыстарын «СКБ Констракшн» ЖШС мердігерлік ұйымы атқаруда.

Қазіргі уақытта бірінші көтеру станциясында екі ұңғыма қазылып, таза суға арналған резервуарлар орнатылды. Бірінші және екінші көтеру станцияларында құрылыс жұмыстары 90%-ға аяқталды, соңғы әрлеу жұмыстары мен су құбырларын орнату процесі жалғасуда.

Құрылыс аяқталғаннан кейін ауылдың 557 тұрғыны сапалы сумен қамтылатын болмақ.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу