KZ
Өскемен
-6°
плотный туман жел 2 м/с, СБ
505.53 593.44 6.34

Барақ батыр ауылына ауыз су тартылып жатыр

ШҚО энергетика және ТҮКШ басқармасы
ШҚО энергетика және ТҮКШ басқармасы
2.11.2024, 20:00 562 Назерке Каримова

Күршім ауданындағы Барақ батыр ауылында 600-ге жуық тұрғын бар, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

- Барақ батыр ауылының тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында «СКБ Констракшн» ЖШС мердігерлік ұйымы су құбыры желілерін салуда, - деп хабарлады ШҚО энергетика және ТҮКШ басқармасы. - Жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес, бірінші көтеру станциясында екі ұңғыма бұрғыланды, таза су резервуарларын орнату бойынша жұмыстар аяқталды, 1 және 2- ші көтеру сорғы станцияларында құрылыс жұмыстары 90% орындалды, әрлеу, су құбыры желілерін монтаждау жұмыстары жүргізілуде.


Бұл нысанда 15 адам және 7 бірлік арнайы техника жұмыс істеп жатыр.

Айта кетейік, Барақ батыр ауылында 557 адам тұрады. Осылайша тұрғындар таза ауыз сумен  қамтамасыз етілмек.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу