ШҚО-да ақ балықтарды уылдырық шашу кезінде аулауға тыйым салынады.
Фото: Жасанды интеллект
Ақ балықтар популяциясын сақтау мақсатында уылдырық шашу кезеңі қарсаңында оларды аулауға уақытша тыйым салынып отыр. Бұл шектеулер Шығыс Қазақстан облысының бірнеше су қоймаларында 10 қарашадан бастап 10 желтоқсанға дейін қолданыста болады, деп хабарлайды Аltаinews.kz тілшісі.
Тыйым салынған аймақтар:
- Бұқтырма және Өскемен су қоймалары, сондай-ақ Ертіс өзені Өскемен ГЭС-інен Шүлбі су қоймасына дейін және Шүлбі ГЭС-інен Павлодар облысымен әкімшілік шекараға дейінгі аумақ;
- Қаныш Сәтбаев атындағы каналдың №1 гидроқұрылымының су қоймасы;
- Бұқтырма су қоймасы Казнаков өткелінен Бұқтырма ГЭС-іне дейінгі аумақ.
Осы кезеңде балықшылар мен туристерге ақ балықтарды аулаудан бас тарту ұсынылады. Бұл шара олардың көбеюін қамтамасыз етуге және популяцияны қалпына келтіруге септігін тигізеді.
Оқи отырыңыз