ШҚО-да кейбір балық түрлерін аулауға тыйым салынды
ШҚО суқоймаларында қарашадан бастап кейбір балық түрлерін аулауға тыйым салынды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті мәлімдейді.
Сиг балықтарының (албырт тұқымдас) уылдырық шашуына байланысты Зайсан, Бұқтырма, Өскемен су қоймаларында және Ертіс өзенінде Өскемен ГЭС-нан бастап Шүлбі су қоймасына дейін, Шүлбіден Павлодар облысының әкімшілік шекарасына дейінгі аралықта уақытша оларды аулауға тыйым салынады.
Тыйым салу уақыты 10 қарашадан 10 желтоқсанға дейінгі аралықты қамтиды.
Албырт тұқымдастарына біздің аймақтың балық қорындағы рипус және пелядь жатады.