ШҚО-да балық аулауға тыйым салынды
![](/kz/uploads/posts/iblock/391/391cecff34659db69991700eaa7d1ecb.jpg)
Сәуір айынан бастап ШҚО-ның кейбір жерлерінде балық аулауға болмайды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
ШҚО жануарлар дүниесін қорғау бөлімінің басшысы Мерхат Әміровтың айтуынша, 16 сәуір мен 30 мамыр аралығында Зайсан көлінде және Қарақастан Батин шоқысына дейінгі Бұқтырма су қоймасының бөлігінде балық аулауға тыйым салынады.
Батин шоқысынан Бұқтырмаға дейін балық аулау 1 мамырдан 15 маусымға дейін тоқтатылады.
Өскемен, Шүлбі су қоймаларында және Ертіс бойындағы УК ГЭС-інен Павлодар облысының әкімшілік шекарасына дейінгі аумақта 10 мамырдан 10 маусымға дейін балық аулауға болмайды.
– Жоғарыда аталған барлық су айдындарында және Зайсан көлінде 10 қараша мен 10 желтоқсан аралығында сига балықтарын аулауға тыйым салынған, – деп қосты ведомство.