KZ
Өскемен
-10°
переменная облачность Штиль
495.95 524.37 4.98

Хамит Балшабековтің өлеңдерін мәнерлеп оқудан байқау өтеді

pixabay

Бүгін, 20:00 29 Назерке Каримова

Биыл ақын, Тарбағатай ауданының Құрметті азаматы Хамит Балшабековтің 85 жылдығы.

Осыған орай А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханада "Талантқа тағзым..." атты еске алу кеші өтеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Хамит Балшабеков - Тарбағатай ауданының мәдениет саласында елеулі істер атқарып, ақындықпен қатар актерлік өнерін де шыңдай білген жан. "Жылқышы әні" атты алғашқы жыр жинағы 1969 жылы "Жазушы" баспасынан жарық көреді. Кейінгі жылдары "Суырлының сұлу арқасында", "Өмір мен саған ғашықпын", "Қантамыр", "Балтамыр", "Шұғыла көңіл" атты жаңа жыр жинақтары жарық көрді. Өлеңдері "Тарбағатай ақындары жырлайды" атты жинаққа енген. Жиырмадан астам өлеңдеріне ән жазылған. "Мұзтаудың мұзбалағы", "Ұрпақ дауысы", "Әнші қыз", "Қосқарагөз", "Қос бұрым", "Жалши әні" өнер сүйер қауымның сүйіп тыңдайтын әндеріне айналған.

Ақынды еске алу кеші 12 желтоқсан күні сағат 14.00-де А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханада өтеді.

Бұл күні ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқудың облыстық байқау (16-25 жас) ұйымдастырылады. Байқаудың мақсаты - Хамит Балшабековтың шығармашылығын халыққа, әсіресе жастар арасында насихаттау, тіл мәдениетін көтеру, жергілікті талантты жастарға қолдау көрсету. Оған 16-25 жастағы

Байқауға қатысуға өтінім 2024 жылдың 1 желтоқсанына дейін pushkinlibrary@yandex.kz поштасына қабылданады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу