Ертең Өскеменде «Сенің махаббатың» атты поэзия кеші өтеді

Ертең Өскеменде «Сенің махаббатың» атты поэзия кеші өтеді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Аталмыш шара ақын Фариза Оңғарсынованың 80 жылдығына орай ұйымдастырмақ. Кеш ақынның тағылымды өмірінен сыр шертетін қысқа метражды фильммен басталып, өлеңдері мен сөзіне жазылған әндері орындалады.
Фариза Оңғарсынованың өлеңдерін сағынсаңыз ертең сағат 14:00-де Шығыс Қазақстан Облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық музейіне келіңіз.
Оқи отырыңыз