ШҚО тұрғыны 240 келі тірі шаянды заңсыз сатпақ болған
ШҚО ПД
Полиция қызметкерлері "Өскемен-Самар" тасжолында тоқтатқан көліктен 16 қап тірі шаян тәркіледі.
Заңсыз әрекет салдарынан келтірілген залал 1,6 млн теңге, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
- "Браконьер" жедел-профилактикалық алу іс-шарасы барысында полицейлер "Өскемен-Самар" тасжолында автокөлікті тоқтату кезінде оның салонынан тиісті құжаттарсыз тасымалданған тірі көл шаяндары салынған 16 қапты тапқан, - деп хабарлады ШҚО ПД. - Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сараптама тағайындалып, барлық қажетті тергеу әркеттері жүргізілуде.
Күдікті 240 келіден астам тірі шаянды Өскеменге жеткізіп сату үшін белгісіз адамдардан сатып алғаны белгілі болды.
Алдын ала мәліметтер бойынша заңсыз әрекет салдарынан келтірілген залал 1,6 миллион теңгені құраған.
ШҚО Полиция департаменті "Браконьер" жедел-профилактикалық іс-шарасы өңірдің экологиялық теңгерімін қорғауға және оның табиғи мұрасын болашақ ұрпақ үшін сақтауға бағытталғанын ескертеді.
Оқи отырыңыз