KZ
Өскемен
-10°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
498.34 519.72 4.85

ШҚО тұрғыны 130 келіден астам балықты заңсыз тасымалдаған

Фото: ШҚО ПД баспасөз қызметі

20.02.2024, 10:48 132 Ләззат Қанатқызы

134 келі рипус балығын заңсыз тасымалдаған адам ұсталды.

Балық ресурстарын заңсыз тасымалдаған Renault Sandero автокөлігінің жүргізушісі патрульдеу кезінде Самар ауылына кіретін жолда ұсталған, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

- «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында жалпы салмағы 134 келі болатын 7 қап рипус балығын заңсыз тасымалдаған тұрғын ұсталды. Жүргізушінің рұқсат құжаттары болмаған. Келтірілген шығын көлемі 900 000 теңгені құрайды, - дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Балық ресурстарын заңсыз аулау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Айта кетейік, «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы 29 ақпанға дейін жалғасады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу