ШҚО тұрғыны 230 келі шаянды заңсыз сатпақ болған
Фото: ШҚО ПД баспасөз қызметі
230 келіден астам шаянды заңсыз тасымалдаған Күршім ауданының тұрғыны ұсталды.
Ер адам "Браконьер" ЖПІШ аясында рейдтік іс шараларын өткізу барысында анықталған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
44 жастағы жергілікті тұрғынның басқаруындағы "ВАЗ-2121" көлігінен салмағы 230 келіден асатын 10 қапқа жуық тірі шаян табылды.
- Күршім ауданының инспекциясы залал сомасы шамамен 1 452 000 теңгені құрайтынын мәлімдеді. Сотқа дейінгі тергеу барысында жауап алу кезінде көлік иесі шаяндарды бұрын белгісіз адамдардан сатып алғанын, содан кейін оларды көлікке тиеп, сату үшін облыс орталығына шығуды жоспарлағанын жеткізді, - дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 335-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Оқи отырыңыз