Алтай ауданында коммуналдық қызметтер тәулік бойы жұмыс істеуде
Қар жаууына байланысты Алтай ауданындағы коммуналдық қызметтер көшелерді қардан тазарту жұмыстарын тәулік бойы жалғастыруда. Ережеге сәйкес, ең алдымен қарқынды қозғалыс орындарындағы жолдар тазаланып, кептелістердің алдын алу шаралары қолға алынуда. Сондай-ақ орташа қозғалыс қарқыны бар аумақтар – алаңдар, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға кіреберістер де қардан тазартылуда.
Серебрянск қаласында көшелерді қардан тазартуға 5 техника жұмылдырылған: автогрейдер, 2 фронтальды тиегіш, ДТ-75 және МТЗ-952 тракторлары. Бұл туралы Серебрянск қаласының әкімі Бақынова Н.А. мәлімдеді. Ауа райының қолайсыздығына байланысты екінші тәулік қатарынан Өскемен қаласына жол жабық.
Қар құрсауында қалғандарға көмек көрсету мақсатында Серебрянск қаласында жылыту пункті ашылды. Ол Веденеева көшесі, 6 мекенжайындағы Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің ғимаратында орналасқан. Пункттің сыйымдылығы – 26 адам, олар үшін жатын орындар қарастырылған. 2 қаңтар күні жылыту пунктінде 12 адам орналастырылды.
Соңғы үш күн ішінде 45 см-ден астам қар жауды. Қысқы маусым басталғалы Алтай қаласынан 235 текше метрден астам қар шығарылғанын Алтай қаласының әкімі Оконешников И.Г. мәлімдеді.