KZ
Өскемен
-14°
туман жел 1 м/с, З
526.81 542.72 5.16

Президент «Келешек» мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесіне қатысты заңға қол қойды

pexels.com

Бүгін, 10:00 71 Төлеуғазы Жансая

Биылдан бастап 5 жасқа толатын балаларға бір реттік бастапқы капитал берілмек. Барлық балалар үшін ол 60 айлық есептік көрсеткішті (2025 жылы 235 мың теңге) құрайды. Ал әлеуметтік осал отбасылардың балаларына мемлекет 120 АЕК көлемінде бастапқы капитал бөледі.

«Келешек» бағдарламасы ата-аналардың жинақтау жүйесіне қатысуын да қарастырады. Олар жыл сайын баланың шотына кемінде 24 АЕК көлемінде жарна салуы қажет. Бағдарламаның тағы бір маңызды бөлігі – мемлекеттік сыйақы. Барлық балалар үшін ол 5%-ды, ал әлеуметтік осал топтағы балалар үшін 7%-ды құрайды. Сондай-ақ жалпы жинақ сомасына банк немесе сақтандыру компаниясы тарапынан инвестициялық табыс қосылады.

Бұл бағдарламаның көмегімен балалардың білім алуына, ел ішінде де, шетелде де қаражат жинақтауға болады. Бағдарламаға мемлекеттің бастапқы капиталы, ата-аналардың жыл сайынғы жарналары және инвестициялық табыс кіреді. Қатысу ерікті түрде жүзеге асырылады. Жинақ шотын екінші деңгейлі банктерден немесе өмірді сақтандыру компанияларынан ашуға болады.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу