Қандастардың балалары да қаражат алады
Фото: aikyn.kz
Қандастардың балалары Қазақстан азаматы болса, «Ұлттық қор – балаларға» жобасы аясында қаражат ала алады. Қаржы министрлігінің өкілі Айбол Арғынғазин осылай мәлімдеді.
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 18 жасқа толмаған балалардың шотына Ұлттық қордың инвестициялық табысынан қаржы түседі, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
Елімізде кәмелет жасқа толмаған 7 миллионға жуық бала бар. Олар ол ақшаны білім алуға немесе ипотекалық қарызын өтеуге, бастапқы жарна арқылы баспана алуға жұмсай алады. Қаржы кәмелетке толған баланың шотында 10 жылға дейін тұрады. Ақшаны қолданбаған жағдайда зейнетақы шотына аударылады. Егер бала кенеттен қайтыс болса, шоттағы қаржысы ата-анасына немесе бауырларына беріледі.
Қаржы министрлігінің өкілі Айбол Арғынғазиннің айтуынша, тарихи отанына оралған немесе Қазақстан азаматтығын алған балалар да “Ұлттық қор – балаларға” жобасы аясында ақша алады.
Жанаргүл Мұқатай