KZ
Өскемен
-26°
плотный туман Штиль
530.24 543.97 5.16

ШҚО-да ішкі саясат басқармасының жаңа басшысы тағайындалды

Кеше, 11:07 232 Төлеуғазы Жансая

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен облыс әкімінің өкіміне сәйкес Шығыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасының басшысы болып Ернұр Бурахан тағайындалды,- деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Ернұр Бурахан – тәжірибелі маман, журналистік қызметтен медиа менеджер деңгейіне дейін көтерілген. Төрт жоғары білімі бар.
Әр жылдары ШҚО әкімінің, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің, «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қорының баспасөз хатшысы, ШҚО ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары, Ақтөбе облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары қызметтерін атқарған.
«Aqtobe» аймақтық телекомпаниясының бас директоры және «Qazaq radiolary» ЖШС-нің бас директоры лауазымдарында қызмет еткен.
2023 жылдан бастап осы уақытқа дейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің кеңесшісі қызметін атқарды.
Ішкі саясат басқармасы қоғамдағы тұрақтылықты қамтамасыз етуге және мемлекеттік саясаттың стратегиялық мақсаттарын жүзеге асыруға жауапты негізгі орган болып табылады. Оның негізгі бағыттары қоғамдық келісім мен бірлік, ақпараттық саясат, жастар саясаты, БАҚ және азаматтық қоғам, яғни, бұқаралық ақпарат құралдары мен үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс істеу екені белгілі. 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу