Өскеменде электр кабеліндегі ақау жөнделіп жатыр
Өскеменде Есенберлин көшесінде орналасқан жаңа жайлы мектептің аумағында абаттандыру жұмыстары кезінде мердігер ұйым электр кабелін зақымдады. Нәтижесінде төрт бесқабатты тұрғын үй электр қуатынан ажыратылды, деп хабарлайды Altainews.kz.
Кабельдің үзілгені топырақ үйіндісін орналастыруға арналған аумақты тазалау барысында анықталды. Мердігер ұйым №44 және №45 трансформаторлық қосалқы станциялар арасындағы кабельді зақымдаған.
Оқиға орнына "БЭСК" АҚ-ның апаттық қызмет мамандары жедел жетіп, мердігер ұйыммен бірлесіп, зақымдалған кабельді қалпына келтіру жұмыстарын бастады.
Электр қуатынан ажыратылған үйлердің тұрғындарына жағдай туралы ақпарат WhatsApp мессенджері арқылы жіберілді.