KZ
Өскемен
-5°
переменная облачность жел 4 м/с, В
529.99 546.63 5.21

ШҚО-да қос аудан қуат көзіне қайта қосылды

сурет: vesti-ua.net

13.03.2024, 10:04 109 Оразай Жеңісұлы

Катонқарағай мен Үлкен Нарын аудандарындағы елді мекендерге жарық берілді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Еске салайық, бүгін таңғы сағат 7.54-те апаттық жағдай туындап, ӘЖ-110кВ электр беру желісі қуат көзінен ажыратылған еді. Соның салдарынан Өрел, Берел, Катон, Солдатово, Алтынбел және Майемер ауылдарына энергия тарату тоқтап қалды.

«Бұл жағдай күн райының қолайсыздығынан болды. Электр энергиясы сағат 9.06-да қалпына келді. Апат салдарын жоюға 5 жедел-көшпелі бригада жұмылдырылды», - деп мәлімдеді «БЭСК» АҚ баспасөз қызметі.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу